2022 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасының Ғылым күніне арналған онкүндік аясында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде экономикалық көзқарас пен ойлау мәдениетін қалыптастыру мақсатында студенттер арасында «Экономика бізді байланыстырды...» атты зияткерлік ойыны өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: ойын арқылы студенттерді экономикалық пәндерге қызықтыру, студенттердің танымдық белсенділігін және шығармашылық әлеуетін белсендіру.
Ойын жалпы эрудиция мен экономика мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілікке арналған бірқатар сайыс тапсырмаларын қамтыды, бұл студенттердің жеке тұлғасына әсер етуге және экономикалық пәндерге қызығушылықты дамытуға мүмкіндік берді.